Жұма, 22 қараша, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі кент пен саяжайда

05.07.2021

2338 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев Белкөл кенті мен «Еңбек» саяжайына барып, аталған аумақтардың бірқатар мәселелерін назарға алды.

Қала әкімі кент пен саяжайда

Қала басшысы алдымен, 1991 жылы пайдалануға берілген «Балапан» балабақшасына барды. №93 «Балапан» санаторлық бөбекжай балабақшасы  1991 жылы  ашылып, 2016 жылдан бастап 140 орындық  коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.  Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген. Қазіргі кезде балабақшада 6 топтан 136 тәрбиеленушілері бар.

Одан кейін салынғанына 2 жыл болған мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы дәрігерлік амбулаторияға барып, дәрігерлермен кездесті. Бір ауысымда 20 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулаторияда 10 медицина қызметкері тұрғындарға қызмет көрсетеді.  Ғанибек Қонысбекұлы кездесу барысында кент тұрғындарына вакцина алу жұмыстарын жандандыру керек екендігін атап өтті.

Қала әкімі кент пен саяжайда

Келесі кенттегі сауықтыру спорт кешенініне барған қала әкіміне спорт кешенінің директоры Руслан Алматов алдағы жоспарларымен бөлісті. 2019 жылы салынған 2 қабатты спорт кешенінде бүгінде ақысыз негізде еркін күрес, бокс, джиу-джитсу, каратэ үйірмелері жұмыс жасайды. Спорттық сауықтыру кешенінде 5 жаттықтырушы, 400-ге жуық спортшылары бар. Қала әкіміне спорт кешенінің директоры Руслан Алматов осы кент тұрғындары үшін тағы да жабық спорт алаңын салғысы келетінін жоспарымен бөлісті. Ғанибек Қонысбекұлы елге қызмет етемін деген азаматтарды қолдайтынын айта отырып, бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

Жалпы Белкөл кентінде 4600-ден аса халық тұрады. 21 көшенің 10-на асфальт төселген. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында біршама жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жасалынған. Тұрғындармен кездесу барысында кент ақсақалы Қалқожа Сапаров тұрғындарға қиындық туғызып отырған мәселелерді шаһар басшысына жолдады. Тұрғындардың көктем-қыс айларында жүріп тұруларының қиындап, жедел-жәрдем көліктерінің кіре алмайтынын жолдары мен орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салса және теміржол өткелінен өту барысында тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызып отырған өткелге жаяу жүргіншілерге арналған көпір қажет екенін жеткізді.

Қала әкімі кент пен саяжайда

Бүгінде Белкөл кентіндегі көшелер мен  орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, облысқа бюджеттік өтінім тапсырылған. Ал, темір жол өткелінен жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы – бұл жұмыстар үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп оң қорытындысы алынды. Бүгінде құрылыс жұмыстарына облыстық автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Қала әкімі Ғанибек Қазантаев аталған жұмыстарды қолға алып, ел игілігі үшін жұмыс жасайтынын айтты.

Келешекте «Еңбек» саяжайы тұрғындры үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Ағымдағы жылдың 25 маусым күні Қызылорда қаласы мәслихатының кезекті VII сессиясында «Еңбек» бау-бақша серіктестігін қаланың бас жоспарына енгізу бойынша шешім қабылданды. Аталған саяжайда шамамен 200-ге жуық тұрғындар қоныстанған. Биыл ұзындығы 2,0 км болатын кіре-беріс жолына қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.Мұндағы қоныстанған тұрғындар электр желісін өздігінен тартқан. Бүгінде «Қызылорда қаласы «Еңбек» жеке тұрғын үй секторының инженерлік-инфрақұрылымын желілерін дамыту, электрмен жабдықтау желісі» жобасының ЖСҚ әзірлеуге ағымдағы жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттары жасалды. Қазіргі таңда экспертизадан өтуде. Сараптаманың оң қорытындысы дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім облыстық құрылыс басқармасына жолданатын болады.

Қала әкімі кент пен саяжайда

Ал, ауыз су желісі бойынша даЖСҚ әзірлеуге ағымдағы жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Осы жоба аясында 3,923 шақырым ауыз су желісі тартылатын болады.Жол құрылысы бойынша да ЖСҚ әзірлеуге ағымдағы жылы қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 2,57 шақырымды құрайтын жол құрылысы қазіргі таңда экспертизадан өткізілуде. Осы мөлтек ауданның малта тас жол құрылысына сараптаманың оң қорытындысы дайын болғаннан кейін облыстық бюджеттік өтінім жолданатын болады.

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев бүгінгі аралау барысындағы аталған жұмыстарды сала басшыларына жекелей тапсырма жүктеп, барлығы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: