Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес шаһар басшысы қала және оған қарасты кент, ауылдық округ тұрғындарымен тоқсан сайын кездесуде. Жақында қала әкімдігі Асылбек Шәменовтің ІV тоқсандағы кездесу кестесін жариялады.
Шаһар басшысы тұрғындармен кездесуді 23 қарашада бастайды. Ең алдымен кездесу сағат 9.00-де Белкөл кентіндегі №189 орта мектепте өтеді. Ал сағат 10.30-да Тасбөгет кентінде С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдайды. Осы күні сағат 12.00-де Қызылжарма ауылдық округінде, 15.00-де Қосшыңырауда және 16.30-да Қарауылтөбеде, 18.00-де Ақжарма ауылдық округінде кездесу жалғасады. Айта кетерлігі, Қызылжармадағы, Қосшыңырау мен Ақжарма ауылдық округіндегі кездесу ауылдық мәдениет үйінде өтсе, Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындары №179 орта мектеп қабырғасында шаһар басшысына сауалдарын қоя алады.
26 қарашада 9.00-де қала әкімі Қызылөзек ауылдық округінде кездесуін өткізеді. Кездесу ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылмақ. Сол күні 10.30-да Талсуат ауылдық округі тұрғындары №178 мектепке келіп, әкіммен тілдесе алады. Сондай-ақ Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары да 26 қарашада сағат 12.00-де ауылдық мәдениет үйінде әкімге сауалын қоюға мүмкіндік бар.
Ал Қызылорда қаласының тұрғындары қала әкімі Асылбек Шәменовпен 28 қарашада сағат 11.00-де М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде немесе 16.00-де №101 мектеп-лицей қабырғасында өтетін кездесуге қатысуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар 29 қарашада әкімнің тұрғындармен кездесуі 11.00-де А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылмақ.
Кездесуден кейін жергілікті атқарушы органдардың, әлеуетті құрылымдардың (прокуратура, полиция) басшылық құрамы, мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдайды. Жеке қабылдау 30 қарашада 9.00 мен 13.00 аралығында қалалық «Amanat» партиясы ғимаратында өтеді.
А.НҰРАЗҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!