Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі үндеу жасады

21.04.2021

3007 0

Құрметті қала тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі, бүгінде әлем елдері үшін ортақ індетке айналған коронавирусты жұқтырғындар саны өкінішке орай біздің өңірімізде де күннен күнге артуда.

Осыған орай тұрғындардың қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын күшейтудеміз. Қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері қала аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарды (мейрамхана, дәмхана, кафе, қоғамдық көліктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары) аралап, карантин талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Соған қарамастан дүйім жұртты дүрліктірген дерттің алдын алуға келгенде бейқамдық танытып, дерттің дендеуіне немқұрайлы қараған тұрғындар көңіл көтеретін орындарда жиі бой көрсетіп, той-томалақтар өткізіп, отбасылық шараларды кең көлемде атап өтіп, басқа да ырым-жоралғыларға толы кештер мен басқосуларды өткізуде.

Аталған жағдайлардың салдарынан сақтық шаралары мен санитарлық талаптар сақталмай, Қызылорда қаласы «қызыл» аймаққа еніп отыр.

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Осындай індет өршіп тұрған қиын кезеңде жеке бастың қауіпсіздігін сақтап, жақындарыңызға жанашырлық танытудың маңызды екенін ұғынсаңыздар деймін. Өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңізге жоғары жауапкершілікпен қарап, айтылған заңдылықтарға бағынуларыңызды сұраймын.

Саулық үшін сақтық шараларын ескеріп, қоғам болып жұмылсақ қана індетпен күресте жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Сонымен қатар вирустың таралуын азайтудың бірден бір жолы – екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті індетті жеңіп шығу үшін вакцина егудің маңыздылығын ерекше  атап өткен болатын.

 Осы орайда, өз денсаулығына, жақындарының амандығына алаңдаған әрбір қызылордалықты вакцина салдыруда белсенді болуға шақырамын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: