Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің орынбасары мерекелік сый тарту етті

02.12.2022

840 0

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Бұл күні мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірігіп, жұртшылық назарын мүгедектігі бар жандардың проблемасына аударады. Қызылорда қаласы да атаулы күнді назардан тыс қалдырмады. Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова «3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне» орай «Қазақ саңыраулар қоғамы» Қызылорда облыстық филиалында өткен  мерекелік шараға арнайы қатысты.  

Шара барысында қала әкімінің орынбасары жылы лебізін жеткізіп, қоғам мүшелеріне мерекелік сый тарту етті.

Жалпы «Қазақ саңыраулар қоғамының» Қызылорда облыстық филиалына естуі бойынша мүгедектігі бар 163 адам тіркелген. Саңыраулар қоғамының өңірдегі филиалы естуі бойынша мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс істеп, олардың мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау, әлеуметтік оңалту, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдармен әлеуметтік әріптестік орнату, қоғамдық өмірге тарту секілді шараларды жүзеге асырып келеді.

Бүгінде «Қазақ саңыраулар қоғамының» Қызылорда облыстық филиалының мүшелеріне 17 ымдау тілінің кәсіби мамандары қызмет көрсетсе, естуі бойынша 7 адам тұрақты жұмыспен және 20 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған.

А.НҰР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: