Сәрсенбі, 27 қараша, 15:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ

30.08.2021

1395 0

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 


Осыдан жиырма алты жыл бұрын Елбасы ұсынып, халық қолдауымен қабылданған Конституция азаттығымыздың айғағы, болашағымыздың бағдары саналады.

 
Бүгінгі таңда бірінші бабы «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам» деп басталатын Ата Заңымыз мемлекетіміздегі саяси тұрақтылықтың, халқымыздың баянды өмірінің кепілі болып келеді. Әсіресе, ұлттық рухани құндылықтарымызды нығайтуға, әр адамның және отбасының әлеуметтік жағдайының жақсаруына негізін салды. Ең бастысы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуының кепілі ретінде өміршеңдігін көрсетті. Осылайша бірлігі мен татулығы жарасқан сандаған ұлттардың Қазақстанның бір шаңырағы астында алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етті. 


Еліміздің әлемдік аренада татулық пен  достықтың мекеніне айналып отырғаны да – Конституциямыздың еселі жемісі.  Сондықтан, Ата Заңымызды құрметтеп, онда белгіленген принциптерді сақтау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.


Қадірлі жерлестер! 


Баянды істеріміздің бастауы болған Ата Заңымызды әрдайым қастерлеу  перзенттік парызымыз деп есептеймін. Қөк байрағымыз аспанымызда желбіреп, ынтымақтастық жолында өркен жайған мемлекетіміздің мәртебесі өсе берсін.
Осынау мерейлі мерекеде баршаңыздың  дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайын!

Қызылорда қаласының әкімі

Ғанибек Қазантаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: