Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі Қосшыңырау, Қарауылтөбе және Ақжарма ауылдық округтерінде жалғасты

25.11.2022

685 0

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың IV тоқсанындағы халықпен кезекті кездесуі Қосшыңырау, Қарауылтөбе және Ақжарма ауылдық округтерінде жалғасты.

​Тұрғындар кездесуде ішкі көшелерді асфальттау, жайылымдық жерлер, жарықтандыру, ауыз су, көгілдір отын желісін жүргізу, электр бағаналарын жаңарту сияқты өзекті мәселелерді көтеріп, шаһар басшысына өтініш-тілектерін жеткізді.

Шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді және әрбір ұсынысты үнемі назарда ұстап, олардың шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

​Айта кету керек, келер жылы Қосшыңырау ауылын газдандыру жобасы бастау алмақ. Оған республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, қазіргі кезде конкурстық жұмыстардың құжаттамалары әзірленуде.

​Ал Қарауылтөбе ауылдық округінде құрылысы басталған ауылдық клуб үйі келер жылдың басында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Сонымен қатар, елді мекеннің тұрғындар жаңадан қоныстанған аумақтарының электр желілері де жаңартылады.

​Ал, Ақжарма ауылында жаңадан амбулатория салынады. Келер жылдың еншісіндегі бұл жұмыстар бойынша құжаттар рәсімделуде.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: