Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала бюджеті бекітілді

24.04.2021

4229 0

Сәрсенбі күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында сессия өтті. Жиынға қала әкімі Ғанибек Қазантаев, мәслихат депутаттары, салалық бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Қала бюджеті бекітілді

Сессияда қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Сейілов, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлі­мінің басшысы Г.Баймаханова, сондай-ақ кент және ауыл әкімдері баяндама жасады.

Сессияны мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов жүргізді.

Жиында 2020 жылғы 14 желтоқ­сандағы №404-72/1 шешіміне өз­герістер енгізу, «2020 жылға ар­налған қала, кент және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есеп», қала әкімдігінің дербес құрамын келісу, қалалық жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы мәселелері талқыланып, тиісті ше­шімдер қабылданды.

Сессияда қала әкімі Ғ.Қазантаев сөз алып, депутаттарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қала бюджеті бекітілді

Сессия шешіміне сәйкес қала бюджетін нақтылау барысында Чернобыль атом электр станция­сында апаттың зардабын жоюға қатысқан азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мә­селесі талқынанып, оған қаржы бағытталды. Сондай-ақ қаладағы тозығы жеткен электр желілері де айтылды. Әл-Фараби, Наурыз, СПМК-70/2, СПМК-70/4, Белкөл кенті, Бірқазан елді мекені, Титов  мөлтек аудандарын электр желілерімен жабдықтау жобасы да сөз етілді. Арай мөлтек аумағы, Қараманов көшесі, Алты алаш көшесі, Әубәкіров көшесі, Есетов және Тәуке хан көшелеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысына, Тасбөгет кентідегі 15 көшеге мал­татасты жолдар құрылысына, Тас­бөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына, СПМК-70, 70/3, 70/4 тұрғын аудан­дарында көп қабатты тұр­ғын үй құрылыстарын жүргізу жұмыс­та­рына қаржы бағытталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: