Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы жұмысшы топ қала аумағында санитарлық тазалық талаптарының сақталуы және заңсыз құрылыс нысандарының алдын алу бағытында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Кезекті тексеру барысында Абылай Айдосов және Сұлтан Бейбарыс көшелерінде орналасқан нысандарда санитарлық талаптардың сақталмауы және заңсыз құрылыс жүргізу деректері анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша меншік иелеріне ескерту жасалып, тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар Қызылорда облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды.

Мұндай тексеру жұмыстары алдағы уақытта да күшейтілген түрде жалғасатын болады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!