Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен бөлімдер 5 секторға бөлінді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мақсат – әр мөлтек аудандағы халықтың коммуналдық, тұрғын үй шаруашылық және әлеуметтік мәселелеріне мониторинг жүргізіп, шаһар тіршілігін жақсартуды, жандандыруды қолға алу.Әр секторға жауапты мамандар белгіленген аумақтың тазалығын, жарық шамдардың уақытылы жануын, ашық қалған құдық беттерінің жабылауын және басқа да коммуналдық салаға қатысты мәселелер бойынша күнделікті мониторинг жүргізіп, шұғыл шешілуін қамтамасыз етеді.
5 сектор бойынша жүргізілетін жұмыстар төмендегі бөлініс негізінде жүзеге асырылады:
І сектор бойынша жауапты болып қала әкімінің орынбасары Айдос Кентугаев бекітілді. Аталған секторға сәулет және қала құрылысы бөлімі, құрылыс бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі жауапты;
ІІ сектор бойынша жауапты болып қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай бекітілді. Аталған секторға кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі жауапты;
ІІІ сектор бойынша жауапты болып қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев бекітілді. Аталған секторға қоғамдық даму бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жауапты;
ІV сектор бойынша жауапты болып қала әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Абатов бекітілді. Аталған секторға қала әкімі аппаратына қарасты бөлімдер, мәдениет және спорт бөлімі жауапты;
V сектор бойынша жауапты болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңіс Файзуллаев бекітілді.
Енді кез келген қала тұрғыны шаһардағы мәселелер туралы «Open Qyzylorda» 8 702 887 1111 whats’App желісі арқылы секторларға жауапты басшыларды хабардар ете алады. Мәселенің орындалуы да сектор жетекшілері тарапынан қадағаланатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!