Жұма, 27 желтоқсан, 05:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қалада кәріз сорғы станциялары заманауи автоматтандырылған қызмет түріне көшті

27.01.2021

8627 0

Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен кәріз сорғы станциясалары қайта жаңғырту жұмыстарынан өтіп, заманауи автоматтандырылып іске қосылуда.

Соның бірі, «Өңірлерді Дамыту 2020» бағдарламасымен «Қызылорда қаласының канализациялық сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңарту» жұмыс жобасы бойынша «Қызылорда су жүйесі» МКК теңгеріміндегі 23 бірлік кәріз насос станциялары 2020 жылы қайта жаңғыртудан өтіп, қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Қайта жаңғыртудан өткеннен кейін кәріз сорғы станцияларына орнатылған Швеция елінің өнімі «Флюгт» маркалы насос қондырғыларының ерекшелігі автоматтық жүйе түрінде диспетчер арқылы басқарылады. Судың көлеміне сәйкес құрылғы өзі қосылып ажыратылады.Бұдан бөлек, заманауи вентиляция жүйесі қарастырылған. КНС-тегі газдың мөлшері нормадан асқан жағдайда автоматты түрде қосылып ажыратылады.

Күзет дабылы, соңғы үлгідегі ашып-жабу ысырмалары да орнатылған. Аралау барысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев

:- Жалпы, Қызылорда қаласында 62 КНС жүйесінің ең үлкен көлемде қызмет көрсететін 23-і қайта жаңғыртудан өткізілсе, биыл тағы да 4-еуін автоматтандыру жоспарлануда. Айта кету керек, насос агрегаттарының жұмыс жасау режимі «Қызылорда су жүйесі» МКК диспетчерлік бөлімінен «СКАДА» жүйесі арқылы бақылануда,-деді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: