Жексенбі, 16 наурыз, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Қалада сәбилер дүние есігін ашты

16.03.2025

12 0

Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында Шаңырақ күні тойланып жатқанда, қаламызда бірнеше отбасы қуанышқа кенелді!

Шаңырақ күні Аружан Махмутова ұлды болды, әжесі немересінің есімін Аян деп қойғысы келеді. Аружан Шайхислам төртінші сәбиін қолына алып, көпбалалы ана атанды. Ардақ Лекерованың отбасы қызына Ақзер деп есім беріп үлгеріпті. Мөлдір Жұмамұрат ұлына қандай ат қоятынын әлі ойластырып жатыр.

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаевпен қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Гульнара Жумашева аналарды арнайы құттықтап, қала әкімінің сый-құрметін жеткізді және сәбилердің денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ болуын тіледі.

Жаңадан туған нәрестелерге мықты денсаулық, отбастарына бақ-береке тілейміз!

Қалада сәбилер дүние есігін ашты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: