Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қалалық мәдени және демалыс паркінің жазғы маусымға дайындығын тексеріп, парк аумағында қызмет көрсетуші жеке кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында демалыс орнын күтіп ұстау, оның ішінде көгалдандыру, қауіпсіздік шараларын сақтау, жасыл-желектерді қадағалау мәселелерін алдыңғы кезекке қою керектігін айтып өтті.
Айта кету керек, 1 мамыр бірлік мерекесіне орай қалалық мәдени және демалыс паркінің маусымдық ашылу салтанаты өтеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!