Жұма, 15 қараша, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы брифинг өтті

28.01.2022

1426 0

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек бөліммен жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара тізімдері бойынша 25 747 отбасы кезекке тіркелген. ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңына сәйкес, азаматтарға пәтерлер тек кезек реттілігіне сәйкес беріледі. Жалпы, 2021 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған 812 отбасына кезек реттілігіне сәйкес сатып алу құқығынсыз пәтерлер табысталды, – деді бөлім басшысы.

2021 жылы «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» санаты бойынша Сол Жағалау тұрғын ауданынан – 70 пәтер, 29 пәтер «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санатына, сондай-ақ шілде айында Шүкіров және Шәменов көшелерінен 33 арендалық пәтер көп балалы отбасыларға табысталса, желтоқсан айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан 680 арендалық пәтер берілді. Оның ішінде, көпбалалы отбасылар тобына тіркелген 430 отбасына, 50 пәтері жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобына, 200 пәтер 2006 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын әлсіз тобына берілді.

Бөлім тарапынан 2021 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үш түрі бойынша 3200 азаматқа қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, тұрғын үй алу кезегінде тұрған адамдардың тізімін өзектендіру мақсатында кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтардың қатарынан 188 адамның ЖСН-і сәйкестендірілді.

Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: