2021 жылғы 3 тамыздан бастап Рысбек Абзал Рысбекұлы қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Абзал Рысбекұлы 1984 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.
2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», 2013 жылы Қазақ-Қытай академиясын «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жетекші маман ретінде бастаған.
2013-2016 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы;
2016-2019 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі;
2019 жылдан осы кезге дейін аталған бөлімде бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысы әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы келісім хаты негізінде «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 28 маусымынан бастап бөлу жолымен қайта құрылды.
Аталған мекеме тұрғын үй шаруашылығын дамытады, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!