Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Оспанов Бауыржан Әліпбайұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бауыржан Әліпбайұлы, 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Алматы үздіксіз білім беру университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қадыр Ай» ЖШС-нің менеджері болып бастаған.
2010-2013 жж. «Ыбрайхан и К», «Қайсар ЛТД» ЖШС директоры;
2014-2015 жж. қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы, бас маманы;
2015-2016 жж. «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары;
2016-2017 жж. «Қазалы-Теміржолжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары;
2018-2019 жж. Қызылжарма ауылдық округінің әкімі;
2019 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!