Сенбі, 21 желтоқсан, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қалам ұстаған қауымға құрмет

02.07.2022

933 0

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай халықтың құлағы, көзі Һәм тілі болып, билік пен бұқараның алтын көпіріне айналған сала мамандарының еңбектері еленді.

Дүйім жұртқа хабар таратып, жақсылық­тың жаршысы болып жүрген журналис­тер қауымы үшін кәсіби мереке апта басынан басталған еді. Мереке қарсаңында қала әкімі Асылбек Шәменов өңірдің бірқатар БАҚ өкілін құттықтады. Бұл күн қаламыздағы «Грант Плаза» мейрам­ханасында журналистер қауымына марапат жауған күн болды. Жылдағы игі дәстүрге сәйкес, «Ұшқыр қалам – 2022» атты мерекелік шара өтті.

Қала әкімі Асылбек Шәменов қоғамдық-ақпараттық салада қызмет етіп жүрген журналистерге алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік іс-шарада Қазақстан Жазу­шылар және Журналистер одағының мү­шесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, бел­гілі ақын Дүйсенбек Аяшұлының асқара­лы 60 жасқа толуына орай қала әкімі сый-құрметін көрсетіп, иығына шапан жапты.

Сонымен қатар осы салада талай жыл­­дардан бері қызмет етіп, қоғамдағы күрмеулі мәселелерді қозғап жүрген жур­налистерді марапаттады. Олардың ішінде әріптесіміз «Ақмешіт апталығы» газетінің бөлім басшысы Ақмарал Олжабаева да бар екенін мақтанышпен айтамыз.

Іс-шара барысында «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев сөз сөйлеп, ыстық ықыласын білдірді.

Журналистерге Сыр елінің белгілі өнер­паздары мен «Мереке» вокалды-аспапты ансамблі әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: