Дүйсенбі, 12 мамыр, 23:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

Қаламгерлер командасын қабылдады

12.05.2025

27 0

Алматы қаласында мамырдың 10-11 күндері «Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойы аясында спорт журналисі Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 14 команда қатысты. Солардың ішінде Сыр елінің үмітін арқалаған «Ақмешіт» футбол командасы топ жарып, бас жүлдені иеленді.

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов қаламгерлерден құралған «Ақмешіт» футбол командасын салтанатты түрде қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады.

– Бұл жеңіс Қызылорда қаласының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында зор маңызға ие болып отыр. Сіздер журналистика саласында ғана емес, спортта да серпінді қадам жасадыңыздар. Доп додасында дарабоз атанып, мерейімізді асыра білдіңіздер. Бұл – ортақ абырой. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деп Нұржан Сәбитұлы ізгі тілегін жеткізді.

Командаға сый-сияпат жасалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: