Жұма, 24 қаңтар, 13:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Қаламыздағы ірі сауда орталықтарына әлеуметтік тауарлар жеткізілуде

24.01.2025

81 0

фото: Н.Нұржаубай

Қала тұрғындарын нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында күнделікті ірі сауда орындарына тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеткізілуде.

Бүгінде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен 10-ға жуық ірі супермаркеттер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде келісімдер жасалынған. Келісімшарт негізінде халыққа азық-түлік өнімдері шекті бөлшек бағамен арнайы “Әлеуметтік бұрыштар” арқылы ұсынылуда. Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдерін қала орталықтарындағы «Small», «Кызылорда Оптомаркеті», «Анвар», «Ажар», «Алатау» супермаркеттерінен сатып алуға болады. Бұл сөрелерде картоп 158 теңге, сәбіз 132 теңге, басты пияз 115 теңге, қырыққабат 126 теңге, нан 65 теңге, қант 398 теңге, өсімдік майы 590 теңге, 1 сортты ұн 135 теңге, күріш 365 теңге, макарон 275 теңге, тұз 40 теңгеден сатылуда.

Ауыл Шаруашылығы Басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: