Жұма, 21 ақпан, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Қаланы көгалдандыруға басымдық берілген

19.02.2025

232 0

Бүгін «Жасыл Қызылорда» КММ директоры Айбол Айдарбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Өткен жылы қаладағы аяқ су мәселесін шешу мақсатында облыс әкімінің қолдауымен «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Бүгінде мекеме жасыл желекті баптап, аяқ су жүретін жолдарды аршып, қажетті шараларды жүзеге асыруда.

– Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мекеме қызметкерлері бекітілген аумақтар бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда. Оның ішінде Жібек жолы, Сарқырама, Қызылжарма, Қалалық, Табиғат каналдарын және қалаішілік арық жүйелерін тазалау жұмыстарына күш жұмылдырылуда. Сондай-ақ, былтыр Қызылорда қаласында көгалдарды жаңа әдіспен отырғызу қолға алынды. Гидросебу – тұқымның өсуіне қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді және эрозия, шаң сияқты жағымсыз факторлармен күресуге ықпал етеді. Н.Назарбаев даңғылы мен Сол жағалаудағы көгалды осындай әдіспен орналастырдық. Бұл жұмыстар өз нәтижесін беруде, – деді мекеме басшысы Айбол Базарбайұлы.

Жалпы, қалаға Сырдария өзені және каналдар арқылы арнайы 19 жерден насос қондырғыларымен аяқ су беріледі. Аймақ басшысының қолдауымен былтыр Жасыл Қызылордаға техникалар алынды. 2024 жылдың көктем-күз айларында 11 000 аса ағаш көшеттері егілді. Бұл жұмыстар биылда да өз жалғасын табатын болады. Мәселен, Сол жағалау, «Мұнайшылар» аллеясы мен Қорқыт Ата, М.Шоқай, Қ.Яссауи көшелерін көгалдандыру бағытында бірқатар ұсыныстар әзірленді. Бұдан бөлек, Жасыл белдеудегі арық жүйелерін толық тазалау, Жібек жолы мен Сарқырама каналдарын, қала ішіндегі су тығыздағыштарды, сондай-ақ, Д.Қонаев, С.Сүлейменов, Е.Әуелбеков, Желтоқсан, Әбілқайыр хан көшелеріндегі арық жүйлерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: