Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қараусыз мал қамауға алынады

30.10.2021

1641 0

Жиында көтерілген бірінші мәселе ұлттық халық санағы жұмыстарының орындалуы жөнінде болды. Шаһар басшысы бұл мәселеге қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридиновке тапсырып, жұмысты әлі де жандандыру қажеттігін атап өтті. Халық санағының 30 қазанда аяқталатынын ескере отырып, сол уақытқа дейін нәтижелі жұмыс атқаруды міндеттеді.

Сонымен қатар жиында қаралған келесі мәселе қала көшелерінде иесіз жүрген үй жануарлары төңірегінде қозғалды.

– Көше бойында қараусыз бос жүрген малдың салдарынан жол бойында апаттық жағдайлардың орын алатындығы бұған дейін де айтылған болатын. Бұл жөніндегі түйіткілді мәселе бірнеше рет көтеріліп келеді. Сондай-ақ олардың көше тазалығын бүлдіретіндігі де үлкен мәселе екенін баса айтып өту керек. Сондықтан иесіз жүрген үй жануарларын дереу анықтап, айып алаңына қамау арқылы иелерін анықтап айыппұл салу керек. Сонда ғана түйінді мәселенің күрмеуі шешіледі, – деді Ғанибек Қонысбекұлы.

Бұған дейін қала әкімі қала аумағынан екі айып алаңын дайындауды жүктеген. Оның бірінші орналасқан нүктесі «Сығанақ» базары маңындағы Аспалы көпір аумағы болса, екінші айып алаңы «Қызылорда тазалығы» базасы болып белгіленді.

Осы ретте қалалық полиция басқармасына көшеде бей-берекет жайылған малды ұстау және қала тазалығына нұқсан келтірушілерді анықтау жұмыстарына жауапты полиция инспекторларын бөлуді тапсырды.

Одан әрі қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне кәсіпкерлік нысандар орналасқан ғимараттардың қасбетін әрлеп, сәулеттік және эстетикалық талаптарға сәйкестендіруді, нысандар орналасқан аймаққа тазалық жұмысын жүргізуін қадағалау керектігін атап өтті.

Басқосуда қала әкімі құрылыс бөлімінің басшысы Біржан Далабаевқа құрылыс жұмыстарының әлеуетін күшейту қажеттігін қадап айтты. Жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының бекітілген кестеден баяу жүргізіліп жатқандығы анықталғандығын айтып, уақытында аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Қала әкімі аталған мәселелерді назарда ұстайтынын жеткізді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: