Дүйсенбі, 10 ақпан, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

Қарауылтөбе ауылдық округі: 2024 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы

09.02.2025

81 0

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қойшыбай Жүсіпов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

– Өткен жылы ауылдық округтің жаңа қоныс аумағындағы 7 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, А. Құнанбаев көшесінің бойы жарықтандырылды. Ал, биыл 4 жоба жүзеге асыралады. Атап айтқанда, электр желілерін реконструкциялау, дәрігерлік амбулатория құрылысы, С.Байсейітов көшесіне балалар ойын алаңын салу, жаңадан қоныстанушы аумақтағы 5 көшені жарықтандыру жұмыстары енгізілген, – деді ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Қойшыбай Жалғасұлы.

Жалпы, ауылдық округте 131 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар жобалар ұсынып, нәтижесінде кәсіп бастағандар қатары 12-ге толықты. Яғни, «Іскер» бағдарламасы аясында 5 жоба қаржыландырылса, «Аграрлық несие корпорациясы» бағдарламасы аясында 1 жоба және «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 жоба мақұлданды. «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 3 жоба қолдау тапты. Бұдан бөлек, Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған бағдарлама аясында 10 жоба мемлекеттік грантқа ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: