Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қарауылтөбе: Жол жөндеу жалғасады

09.02.2021

7933 0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев онлайн форматта Қарауылтөбе ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп берді.

Ауыл тұрғындарына қала бойынша әлеумет­тік ахуалды баяндап, жыл көлемінде атқарған жетіс­тіктерін жіпке тізгендей етіп жеткізді. Содан соң алдағы атқарылар ауқымды істерді баяндады.

Қарауылтөбе ауылдық округінде өткен жылы ауқымды жұмыс жүргізілді. Ж.Әбдіхалықов, А.Құнанбаев көшелері жөн­дел­ді. Ауылдың қараңғы көшелеріне жарық орна­тылды. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Абай тұйы­ғына қиыршық тас төселіп, округ атауы жа­зылған аркаға безендіру жұмысы жүргізілді. Округ бойынша 5 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 9 ай қорытындысымен олардың саны 88-ге жетіп, жаңадан 15 жұмыс орны ашылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы 4 жоба қолдау тауып, 11 млн теңгеге  несие алынды. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына жыл көлемінде 10 жоба ұсынылып, барлық жобалар қолдау тауып 49,1 млн теңге несиеге қол жеткізді. «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы арқылы 13 млн теңгеге 2 жоба қолдау тауып, сүт бағытындағы және мүйізді ірі қара малының санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл жоба бойынша 4 адам жұмыспен қамтылды.

Ауылдық округте Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС ауылшаруашылық дақыл­дарын егумен айналысады. 2020 жылы жалпы егіс көлемі 970 гектарды құрап отыр.

Сонымен қатар елді мекенде мәдениет, білім салалары бойынша да өрлеу байқалады. Есепті кездесуде шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін  тыңдады.

Өз кезегінде ауыл тұрғыны Досмақан Амангелді елді мекеннің электр желілері жөнделсе деген ұсыныс білдірсе, зейнеткер Оразбек Бейісов жол жөндеу жұмыстары жал­ғасын тапса деген тілегін жеткізді. Н.Нәлібаев  бұл ұсыныстар оң шешімін табуына өз дең­гейінде жұмыстар жасалатынын жеткізді.

– Ауылда түйткілді мәселелер ретімен ше­шіліп келеді. Әрбір ауыл тұрғынының мә­селелерге назар аударып отырғаны өз еліне деген жанашырлығын білдіреді. Биыл Қарауылтөбе халқы үшін жемісті жыл болмақ. Бастамаларға қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамын, – деді қала әкімі Н.Нәлібаев өз сөзінде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: