Қалалық мәдени және демалыс паркінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлттың үні – Домбыра» атты мерекелік шара өтті.
Шараға арнайы қатысқан қала әкімі Асылбек Шәменов алдымен ұлттық бұйымдар көрмесін, этноауыл үлгісіндегі алаңқайда ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалады.
Мерекелік концерт қалалық Жастар театрының сахналауындағы тақырыптық қойылымымен басталды.
− Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға деп білемін. Сондықтан ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық, − деген қала әкімі мереке аясында қаламызда ұлттық аспабымыздың ұлықталуына үлес қосып, талантты шәкірттер тәрбиелеп жүрген бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар тапсырды.
Сондай-ақ ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Күй керуен» атты жас домбырашылардың дәстүрлі облыстық байқауына қатысып, жүлдегер атанған жас күйшілерді марапаттады.
Мерекелік іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, қала тұрғындары мен қонақтары әсерлі кештің куәсі болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!