Биыл Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, өңірімізде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда.
Бірнеше күннен бері мереке аясында Қызылорда қаласында «Тарихтың таңбасы – рухтың ордасы – Қызылордам»облыстық өнер байқауы өтуде. Бұған дейін облыс орталығында Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарының өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, бүгін Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары қазалылық өнерпаздардың өнер кешін тамашалады.
Қазалылық өнерпаздардың мерекелік өнер кешін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Өнер байқауында ән әлемінің падишасы атанған Роза Бағланова, Мәдина Ералиева мен Кеңес Дүйсекеев шыққан киелі өнер қонған өңірдің өнерпаздары қызылордалықтарға ерекше мерекелік кеш сыйлады.
Өнер кешінде орталық алаңда қазалылық қолөнершілердің арнайы көрмесі де ұйымдастырылып, онда Қазалы да жасалатын өнімдер де қойылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!