Сенбі, 21 желтоқсан, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақ радиосына көше берілді

25.03.2021

4412 0

Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне Қазақ радиосының аты берілді. Қызылорда облыстық мәслихат шешімі жақын күндері Әділет басқармасынан тіркеуден өтіп, қаладағы бұрынғы «Саяхат-11» көшесі «Қазақ радиосы» көшесі болып қайта аталады.

Бұл көшенің ұзындығы 400 метрді құрайды.

Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айы­нан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қала­сынан бүкіл республикаға трансляция бе­ріле бастады.

Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақ­параттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен өткізді. Сөйтіп республикалық эфирден үндеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңа­лықтар үзбей жиі берілетін болды.

1926 жылдың 3 қазанынан бастап Қызылорда қаласында Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. 30-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Радиожурналистика жолға қойы­лып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді.

100 жылдық тарихы бар Қазақ радиосы бүгінде ұлт руханиятын түгендеуші орталыққа айналды десек, артық айтқандық болмас. Сыр елінен берілген көшені қазақ журналистикасына көрсетілген құрмет деп білген жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: