Жексенбі, 25 мамыр, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында – балалық шаққа маңыз беріледі!

25.05.2025

56 0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бастаманың мақсаты – балалық шақтың мемлекет үшін аса маңызды екенін қоғамға кеңінен ұғындыру және оны мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде көрсету.

22 мамыр – 1 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім, бала құқықтары сынды маңызды мәселелерді қамтитын арнайы тақырыптық күндер өтуде.

Мысалы:22 мамыр – «Әкем – тірегім, анам – жүрегім»

23 мамыр – «Полиция – балалардың қорғаны»

26 мамыр – «Дәрігер – балалардың жанашыры»

27 мамыр – «Балалар үні»

28 мамыр – «Кибер Тұмар»

29 мамыр – «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»

Қазіргі уақытта барлық білім беру мекемелерінде және халық көп жиналатын орындарда осы тұжырымдама аясында мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру, танымдық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бала – болашағымыз, ал оны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: