Дүйсенбі, 22 қыркүйек, 11:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71, 2184
19.09.2025
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

21.09.2025

45 0

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, оған қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысты. Жиынға төралқа мүшесі Салкадин Мырзабеков төрағалық етті. Жиында қала әкімінің орынбасары халықтың талап-тілегін атқарушы билікке жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі зор екендігін атап өтті.

– Құрметті кеңес мүшелері, Әділетті және қуатты Қазақстанды құру жолындағы міндеттерді орындаудағы мәртебелі қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесе табысты жұмыс жасап, кеңесте қаралған мәселелер оң шешімін табатынына сенімдімін. Кеңес құрамының жұмысы табысты болсын!, – деді Арнұр Әлібекұлы.

Кеңес отырысында өзекті бес мәселе талқыланды. Алдымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы сарапталды. Бұл туралы кеңес мүшесі Эрик Теңізбаев хабарлама жасап, көтерілген мәселелерге байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Жиында көтерілген екінші мәселе – «Қарасора – 2025» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасын дайындау және өткізу жөнінде қалалық полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Асылхан Абилакбаров баяндады. Келесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұржан Сүлейменов «Қызылөзек және Ақжарма ауылдық округтерінің 1-ші жарты жылдықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтері» бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды.Әрі қарай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Кенжегүл Құрақбаева «Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы сессиясының №223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы» туралы баяндады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: