Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық тәртіпсіздік орын алған жоқ

19.09.2022

770 0

«ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПСІЗДІК ОРЫН АЛҒАН ЖОҚ»:

ПАЛАУШЫЛАР САЙЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ӘКІМДІКТЕГІЛЕР ЖАУАП БЕРДІ

Өткен сенбіде Қызылорда қаласында өткен палаушылар сайысына жергілікті тұрғындар зор қызығушылық танытқан. Себебі қала күнін ұйымдастырушылар мерекені бір күн емес, бір ай көлемінде ерекше шаралармен атап өтуді қолға алған.

Халыққа әсерлі көңіл-күй сыйлау әрі ұлттық дәстүрді сабақтастыру мақсатында «Сыр елі – берекенің ақ бесігі»атты этно бағыттағы шара палаушылар сайысы, қарбыз-қауын және қымыз-шұбат фестивалімен әспеттелуі халықтың қызығушылығын оятқан.

Бұған «Сыр ана» монументінің алаңына 10 мыңнан аса тұрғынның  келгені дәлел. Палаушылардың қолынан шыққан өнімнің дәмін татуға асыққан халық думанды шарада ерекше белсенділік танытты. Соның салдарынан түрлі желі қолданушылары «палауға талас» акциясы жүріп жатқандай әсер қалдырды деп жарыса жазды. Біздің портал ақпараттың анық-қанығын анықтау үшін Қызылорда қаласының әкімдігіне хабарласып, нақты ақпаратты білді.

Қала әкімдіктегілер мұндай сайыстың бұрын-соңды болмағанын жеткізіп, тұрғындар арасында айрықша қызығушылыққа ұласқанын жасырмады. Тіпті кейбір көріністер дүрбелеңге ұласқанға ұқсайды. Алайда, ресми билік ешбір қоғамдық тәртіпсіздік орын алған жоқ, әрі зардап шеккен азаматтар болмағанын растады.

– Шынын айтқанда, Сыр елінің бас бренді саналатын ақ күріштен әзірленген астан ауыз тиюге асыққандардың қатары көп болды. Бұл жерде мақсат – палау тарату емес. Қазақтың негізгі салтын жаңғыртып, қазанды отқа қойып, Сыр елінің негізгі асы күріштің жаңа сорттарынан палау әзірлеу. Күріштің ырыс-несібенің символы екенін дәріптеу. Палаушылар піскен күрішті арнайы ыдысқа салып, келген тұрғындарға таратты. «Жанжал, төбелес болды» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткіземіз. Бұл ретте біржақты түсініктер қалыптасқаны өкінішті, дегенмен, қандай да бір өрескел әрекеттер орын алмады, ешқандай қоғамдық тәртіпсіздік тіркелмеді,-деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: