Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоқыс қалдықтары қалай өңделеді?

25.06.2022

925 0

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Белкөл кентіне қарасты тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кешенінде  баспасөз туры өтті.

Онда «Қызылорда тазалығы» ЖШС директоры Талғат Бекмырзаұлы күтіп алып, журналистерді кешеннің жұмыс барысымен таныстырды.

Мамандардың айтуынша, кешен 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Экологиялық-санитарлық талапқа сәйкес жылдық қуаты 60 мың тоннаны құрайтын қоқыс өңдеу орталығында 9 техника, 30 адам жұмыс істеуде. Сұрыптаудан өткен заттар арнайы техникалық аппарат көмегімен қысымдалып, еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтіледі. Ол жақта да қайта сұрыптаудан өткізіліп, қажеттілігіне қарай өнімдер өндіріледі. Бұл біріншіден, отандық өндірісті дамытса, екіншіден, ел экономикасына оң әсер етеді.

– Кешен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ҚР Экологиялық заңнамасына сәйкес 2020 жылы іске қосылды. Қала әкімдігі арнайы жер бөлді. «Қызылорда тазалығы» мекемесі облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға техникалар алдырды.  Қазіргі таңда кәсіпорын тұрмыстық қатты қалдық­тарды залалсыздандыру қайта сұрыптау және көму жұмыс­тарын жүргізеді. Кешенде күніне 150-160 тонна қалдық сұрыптайды. Сұрыпталған шикізат өнімдерінің 45-50 тоннасы қайталама пайдалану үшін тиісті мекемелерге жөнелтіледі. Мұнда пластмасса, бөтелке, қаңылтыр, целофан тағы басқа да өнімдер өз алдына бөлек сұрыпталады. Оның барлығы адам күшімен іске асып отыр. Қалған қалдықтар көму карталарына жөнелтіледі. Негізгі технология процесі осындай, – дейді Қызылорда су жүйесі мекемесінің шаруашылық жүргізу жөніндегі орынбасары Ғабит Оспанов. 

Мұндағы жұмыстың басты мақсаты – қала көлеміндегі жиналған тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Жұмысшылар ауысыммен жұмыс істейді. Жалақылары жеткілікті деңгейде екені айтылды. Өрт қауіпсіздігі мұқият қарастырылған.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: