Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауы және облыс әкімінің үйлестіруімен қала қарқынды құрылыс алаңына айналып, жаңа нысандар мен тұрғын үй кешендері, демалыс орындары мен саябақтар тұрғындар игілігіне берілуде.
Ауқымды жобалардың бірі Қорқыт ата мемориалды аллеясында да жүріп жатыр. 2002 жылы ашылған саябақтың жалпы аумағы – 38 мың шаршы метрден асады. Мұнда жоба аясында кеспетас төселіп, жасыл желектер отырғызылып, субұрқақ, жарық шамдар, ойын және спорт алаңдары салынуда. Бүгінде жаңғырту жұмыстарының 65 пайызы аяқталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!