Сәрсенбі, 13 тамыз, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Қосшыңырау ауылдық округі: І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар

13.08.2025

63 0

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Сейдуали Әбдіқадыров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

– Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Досан елді мекенін талапқа сай электр қуатымен қамтасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталды. Досан ауылында құны 49,2 млн. теңгеге №2, №12, №7 көшелеріне тас жол төселді. Алдағы уақытта Абай ауылына жаттығу алаңын салу мен Абай көшесін жарықтандыру жоспарлануда,- деді ауылдық округ әкімі Сейдуали Әлайдарұлы.

Ауылдық округте 371 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Жыл басынан 12 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, мемлекеттік бағдарламаларға жүгінген кәсіпкерлердің 158 млн.теңгені құрайтын 20 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде 10 тұрғын мемлекеттік қайтарымсыз грантты иеленіп, кәсіптерін бастады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1579 гектар жерге күріш, 528 гектар жерге ескі жоңышқа және 120 гектар жерге жаңа жоңышқа, 131 гектар жерге бидай егілді. Ал мал саны 15 136 басқа жетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: