Биыл Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерде ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Соның бірі, Қосшыңырау ауылдық округінде атқарылатын ауқымды іс – Абай және Досан елді мекендерін газдандыру жобасы. Оған республикалық бюджеттен 663,0 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ремстрой» мердігер мекемесімен 40, 6 шақырым газ құбырының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіледі және осы жұмыстардың аясында 592 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен бөлінген 56,5 млн. теңге қаржыға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Досан ауылындағы 5 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, «Әлем Қызмет Груп» мердігер мекемесі №17, 15, 4а көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын бастап кетті.
Сонымен қатар, 3,8 млн. теңге қаржыға Досан ауылындағы №1 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылса, «Энергия Нұр» ЖШС мекемесімен Абай ауылындағы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!