Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейі жанындағы қосымша ғимарат құрылысына барды. 600 орындық бұл мектепте қазір 2275 оқушы білім алуда. Сондықтан білім ордасын кеңейту мәселесі күн тәртібіне енгізіліп, қараша айында 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталған еді.»Оқушы саны көп білім ошақтарының мәселесін тағы бір мектеп салып шешкеннен гөрі қасына осындай қосымша ғимараттар салған тиімді. Қазір қала орталығында бос жер жоқ болғандықтан, жаңа мектеп шет жаққа түседі. Оған балаларын қатынату ата-аналарға қиындық туғызады. Балалардың өз үйіне жақын, үйренген мектебінде оқығаны екі жаққа да қолайлы», -деді аймақ басшысы.Айта кетейік, жаңа оқу жылына қарай мектептің қосымша ғимараты оқушыларды қабылдауға дайын болады.Осындай қосымша ғимараттар №3, №264 мектеп-лицейлері мен Абай мектебінің жанынан бой көтеруде.Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сыр өңірінде құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектеп салынады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!