Бүгін Қазыбек би көшесінде орналасқан Д-300мм шойын құбырда ақау орын алуына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін «Қызылорда су жүйесі» мекемесі тарапынан 11 жұмысшы күші мен 6 арнайы техника жұмылдырылған.
Осыған байланысты қазіргі таңда Қазыбек би, Қонаев, Қазантаев, Өсербаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Сүлейменов, Толыбеков, Ілиясов, Әйтеке би, Әуезов, Тәжібаев (орталық) көшелерінде уақытша ауыз су тоқтатылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!