Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құдай да сақтағанды сақтайды

27.08.2022

1459 0

Қала бойынша

2021-2022 жылдың жылу беру маусымында 52 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан

3 адам қаза болған. Алайда өрт оқиғасынан жарақат алғандар жоқ. Тілсіз жаудан келген залал өткен жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға азайған. Жылу маусымында көмірқышқыл газынан улану дерегі тіркелмеген.

Өрттің шығуына негізінен тұрғындардың қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен және де балаларды қараусыз қалдыру себеп болады.

Өрт қауіпсіздігінің кепілі – сақтық шаралары. Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті тосыннан болатын көптеген өрттен аман сақтайды. Осы мақсатта жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын-алу үшін қажетті шаралар жасалуда. Жылу беру маусымына дайындық аясында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланған.

–  Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері қала бойынша басқарманың қызметкерлері және ҚазТрансГаз мекемесі, Полиция басқармасының қызметкерлерімен, волонтерлермен бірлесіп, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Аралау барысында бірінші кезекте тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар адамдары бар отбасыларға басты мән берілуде. Қазіргі таңда аталған жұмыстар аясында тұрмысы төмен осал топқа жататын тұрғын үйлерге 331 дана көмір қышқыл газын анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылса, «АлауГазАймақ» ЖШС-мен бірлесіп, Наурыз және Махамбет елді мекендеріндегі тұрмысы төмен мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үйлерінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілуде, – деді қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов. 

Өрт – тілсіз жау. Дегенмен одан сақтану өз қолымызда екенін де ұмытпаған жөн. Осы мақсатта жылу беру маусымына дайындық кезінде табиғи газды қауіпсіз пайдалану, оның ішінде түтін жолдары мен ауа желдеткіш каналдарын уақытылы тазалау қажет екені жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Көмір қышқыш газының құрылғысын орнату да қауіптің алдын-алуда маңызды болып табылады. Сондықтан да пеш жағып, көмір тұтынатындар осы уақытта төтенше жағдайлар басқармасына барып, өтініш жазып, кезек арқылы тегін құрылғыны орнатып алуға  болады.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: