Жексенбі, 29 желтоқсан, 06:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Құрметті қызылордалықтар!

02.05.2022

1060 0

Сан ұлттың басын біріктіріп, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамыражай мамырдың алғашқы күнімен қатар келетін осынау шуақты мереке, халқымыздың достық сезімге ынтық, ыстық ықыласын дәлелдейтін, ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге ұласқан еліміздің ұлы мерекелерінің бірі.

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біздің мемлекетіміз – достық пен ынтымақтың шаңырағын биік көтеріп, сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың бауырмалдығына арқау болып, бейбітшіліктің мекені атанды.

Расында, біздің бүгінгі жеткен жетістігіміздің барлығы еліміздегі тыныштық пен татулықтың, бірлік пен берекенің арқасында екені айқын.

Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан, барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға ұласып, қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әралуандылық өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды.

Достықты ту етіп, бірлікті темірқазық санап, ынтымақты ырысына балаған қазақ елінің даңқы асқақтай берсін!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасы­ларыңызға бақ-береке тілеймін!

Бейбіт еліміздің берекесі артып, халқымыздың бірлігі жарасып, әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, достығымыз мәңгі болсын!

Ізгі тілекпен,

қала әкімі А.Шәменов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: