Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Қуатамлонмұнай» компаниясымен меморандум жасалды

23.06.2022

345 0

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС-нің еңбек ұжымымен облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов кездесті.

«Қуатамлонмұнай» БК ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу барысында Мархабат Жайымбетұлы мұнай-газ секторындағы соңғы ахуалға қарамастан әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешіп, жұмыс орындарын қысқартпау қажет екенін алға тартты.

Сондай-ақ, кәсіпорын әлеуметтік міндеттемелерді жыл сайын толық көлемде орындап, өткен жылдың қорытындысы бойынша 161 мың тонна мұнай өндіргенін және компания 460-ға жуық адамды жұмыспен қамтығанын атап өтіп, өз кезегінде туындаған мәселелердің шешілуіне атсалысуға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Жиында «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС-нің бас директоры Сяо Вэй әлеуметтік міндеттемелерін орындау барысын баяндады.

Ұжым атынан компанияның кәсіподақ төрағасы Айбек Абдреев өндірістегі қызметкерлерді біріктіріп, олардың мүдделерін қорғауда және еңбек қатынастарына байланысты туындаған мәселелерді шешуде кәсіподақ жұмысын таныстырды.

Өз кезегінде, ұжым қызметкерлерінің ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов Компания басшылығына еңбек ұжымымен жиі кездесіп, компанияның өзекті мәселелеріне назар аударуды ұсынды.

Жиын соңында облыс әкімдігі мен «Қуатамломұнай» кәсіпорны және облыстық кәсіподақ өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – еңбек ұжымындағы әлеуметтік – еңбек жағдайы мен өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және персоналды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдау болып табылады.

«Қуатамлонмұнай» компаниясымен меморандум жасалды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: