Дүйсенбі, 25 қараша, 00:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылөзекте «Қожақ» көпірі жөнделмек

19.02.2022

1681 0

Қала әкімдігі жанындағы баспасөз орталығында Қызылөзек ауылдық округінің әкімі 2021 жылы атқарылған жұмыстарын баяндап, биылғы жоспарымен бөлісті. Ауыл әкімі Сәкен Әбдіжаппардың хабарлауынша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Айнакөл» және Ш.Ибраева көшелерінің жалғасына түнгі жарық бағаналары

орнатылып, ауылдық округке кіре берістегі «Қожақ» автомобиль көпірін күрделі жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленген. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, ендігі ретте, құрылыс жұмыстарына қаржы сұралуда.

– Өткен жылғы қала әкімінің есеп беру кездесуінде Қараөзек стансасы тұрғындары тарапынан көтерілген мәселе 2021 жылы толық шешімін тапты. Мәселен, Қараөзек стансасына аяқ су беретін жаңа СНП-500/10 дизельдік насостық қондырғысы орнатылды. Сондай-ақ аяқ су тапшылығын болдырмау мақсатында «Үміт» шаруа қожалығы ылғал үнемдеудің бірден-бір тәсілі – тамшылатып суару технологиясын меңгеріп, 5 гектар жерге тамшылату әдісімен картоп өсірді. Нәтижесінде 507 гектар жерге егін егіліп, картоптың әр гектарынан 129 центнерден өнім жиналды, – дейді ауыл әкімі.

Сондай-ақ ауылдық округте кәсіпкерлік нысандардың саны өткен жылы 12-ге артып, бүгінде кәсіпкерлік саласында қызмет көрсететін 143 нысан тіркелген. Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар арқылы жыл көлемінде 74,8 млн теңгені құрайтын 10 жобасы қаржыландырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: