12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, «Qyzylorda Jastar Fest» мерекелік гала-концерті өтті.
Мерекелік кеш шығыс жастарының жалынды жетекшісі болған Ғани Мұратбаев ескерткішіне тағзым гүлін қою рәсімімен бастау алды. Әрі қарай шара спорттық сайыстарға ұласып, концерттік бағдарлама аясында аймақтың үздік әншілері, би топтары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жастар арасында түрлі байқаулар мен заманауи би сайысының жеңімпаздары, жас таланттар және жастар саясатының дамуына үлес қосқан белсенділер қала әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!