Сейсенбі, 26 қараша, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы республика бойынша үздік үштікте

21.08.2022

1090 0

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша 9 мемлекеттік әкімшілік қызметші магистрант мен докторант тізіміне қабылданды.

Нақты айтсақ, алғаш рет облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Альбина Прниязоваға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына докторант гранты тағайындалса, 8 мемлекеттік қызметші магистратура тізімінде.

Ал, магистранттар қатарында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Әбілдаев, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының коммуналдық мүліктің есебіндегі нысандарды жалға беру және жекешеленліру рәсімдерін жүргізу жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрланбек Ердигаликов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы Тұрарбек Бадаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Руслан Тәуекелов бар.
Нәтижесінде республика бойынша өңіріміз үздік үштікте.

Айрықша атап өтетін жайт, Мемлекеттік басқару академиясына биыл түскен түлектердің 90 пайызы басқарушы қызметте жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілер болып табылады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: