Сенбі, 16 қараша, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижелері

13.04.2023

743 0

Ауаның ластануы кез-келген адамның денсаулығына әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақылауда.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 28 нысан бар. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 24 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде жетеуі 1-2 қауіптілік сыныбына жатады.

Департаменттің аумақтық басқармалары тұрақты негізде елді мекендердің атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары магистральды көшелерде, қаланың қоныстану және өнеркәсіп аймақтарында, сондай-ақ облыстың барлық дерлік аудандарында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жағдайына жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау, бағалау және болжау арқылы бақылаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жағдайы мен тiршiлiк ету ортасы жағдайының арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды айқындаудың мемлекеттiк жүйесi болып табылады.

Мұндағы мақсат адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау белгіленген тәртіппен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

2023 жылдың І-тоқсанындаатмосфералық ауаның 4049 сынамасы алынды, оның ішінде 2 сынамашектеліп рұқсат етілген концентрациядан жоғары болды. Өткен жылдың осы кезеңінде атмосфералық ауаның 424 сынамасы алынды, оның ішінде шектеліп рұқсат етілген концентрациядан жоғары анықталған жоқ.

Шекті көрсеткіштерден асып кету деректері бойынша тиісті органдарға ұсыныс хаттар жолданды.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: