Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бастау алды

24.07.2023

615 0

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Қызылорда облысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кіріскенін хабарлаймыз!

Ұлттық жоба аясында 2023-2024 жылдары 300 мың аса ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру, нормативтерге сәйкес ауылдық елді мекендерді медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін «алтын уақыт» қағидатын сақтаумен басқа да бірқатар бағыттарды көздейді.

Ұлттық жоба аясында өңіріміздегі ауылда инфрақұрылымды дамытуда 27 нысан (24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет) құрылысы салынбақ.

Аймағымызда 2023 жылы жоспарланған 16 нысан бойынша қазіргі таңда 14 дәрігерлік амбулатория құрылысы басталса, 1 нысан құрылысының мердігерлік сметасы беріліп конкурс жүруде.

Сондай-ақ, 2024 жылға жоспарланған 11 нысан құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде келісім шарт жасалынды.

2025 жылға қарай Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын «Көп бейінді ауданаралық аурухана» деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған көп бейінді аудандық орталық ауруханаларының ғимаратына қосымша құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жобалар мемлекеттік сараптамаға енгізілді.

Жоспарланған 4 көпбейінді ауданаралық ауруханаларда инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері, триаж жүйесі бар жедел жәрдем бөлмесі ашылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен (КТ МРТ, ангиограф, сараптамалық дәрежедегі ультрадыбыстық, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар, медициналық оңалту және т.б.) жабдықталатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: