Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

29.07.2023

631 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Қызылорда облысының дін істері басқармасының жаңа басшысы таныстырылды.

Облыстық бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы лауазымына Ермеков Дінмұхамед Жандарбекұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, діни алауыздықтың алдын алу аса маңызды екенін атап өтті.

«Дін саласындағы қазіргі заманғы қауіп пен сын- қатерлерді ескеретін болсақ, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау және дамыту үшін осы саладағы мемлекеттік саясатты жүргізуде қазіргі заманғы технологияларды қолдану қажет. Бұл ретте, ақпараттық түсіндіру, оңалту және интернеттегі насихат, мониторинг пен кешенді талдау үздіксіз жүргізілуі керек. Дінмұхамед Жандарбекұлына өңірдегі діни тұрақтылық мәселелеріне толыққанды бақылау жасауды тапсырамын. Жастарды діни экстремизмге тартуға жол бермеу үшін азаматтардың бойына деструктивті діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру аса маңызды. Басқарманың жаңа басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде атқаруға міндетті», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Дінмұхамед Жандарбекұлы 1992 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2014 жылы «Парасат Снаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері ретінде бастаған.
2014-2015 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінде, Мәтібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы лауазымдарында еңбек етті.
2015-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қорғаныс және және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде сарапшы, бас сарапшы ретінде жұмыс атқарды. 2018-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің бас консультанты, бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің сарапшысы, консультанты жауапты қызметтерінде болған.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: