2021 жылғы 2 маусымнан бастап Асқар Айдос Асқарұлы Қызылорда қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Айдос Асқарұлы 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2009 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы, 2011 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық университетін «Қаржы» мамандығы, 2019 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының инспекторы ретінде бастаған.
2010-2014 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы, құрылыс, ауылшаруашылығы басқармаларында бас маманы, 2014-2019 облыстық жастар саясаты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сатып алу басқармаларының бас маманы, бөлім басшысы, 2019 жылдан осы уақытқа дейін қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарып келген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!