Жұма, 27 желтоқсан, 07:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында полигонға күніне 150-160 тонна қалдық тасымалданады

12.12.2022

1619 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны 2019 жылы құрылысы басталып, 2020 жылы аяқталып пайдалануға берілді. 2020 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне қабылданды. 

Жаңа полигон құрылысы санитарлық-экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді, 20 гектар аумағы толық қоршалған, қалдықтарды сұрыптау кешенімен қамтамасыз етілген. 

Қалдықтарды сұрыптау кешенінің жылдық қуаты 60 мың тонна. Полигонға Қызылорда қаласы мен Белкөл және Тасбөгет кенттерінің қатты тұрмыстық қалдықтары қабылдануда. Қазіргі жыл басынан полигонға 17900 тонна қалдықтар қабылданды.Осы қалдықтардың өңделу көрсеткіші 43,8 пайызды құрайды. Қабылданған қалдықтардың 7 850 тоннасы азық-түлік және жарамсыз қағаз қалдықтары полигон аумағында шірітілуде. Осы қалдықтарды шірітілу процессі арқылы қайтара пайдалану қоршаған ортаға түсірілетін салмақты жеңілдетіп, көмілетін қалдықтардың көлемі қысқартылуда. Бұл дегеніміз ҚР Экологиялық кодексінің негізгі талаптарының бірі. Шірітілген қалдықтардан пайда болған құнарлы шірінді топырақтар полигон аумағын тыңайту жұмыстарына пайдаланылады. 2022 жылы осы қалдықтарды сұрыптау арқылы алынған 425,7 тонна қайталама шикізат өнімдері екінші қайтара өңделу үшін мүдделі кәсіпкерлерге сатылды. Бұл дегеніңіз қазіргі таңда қалдықтарды өңдеу арқылы да қаржы табуға болатынын көрсетеді.

Қазіргі таңда полигон бойынша барлығы 43 адам қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және көму жұмыстарымен айналысуда, 10 бірлік арнайы техника жұмыс істейді. Қызылорда қаласы бойынша күн сайын полигонға 150-160 тонна көлемінде қалдықтар тасымалданады. Осы қалдықтардың 70 тоннасы қалдықтарды сұрыптау кешені арқылы сұрыптаудан өткізіліп, күніне 3-4 тонна көлемінде екінші қайтара пайдалануға жарамды шикізаттар алынуда.
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: