. Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев барлық сала басшыларымен бірге 22 мамыр сағат 10:00-де сенбілік жұмыстарына шығады.
Сенбілікте жергілікті билік өкілдері шаһар басшысының бастамасымен қаладағы арық жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Бұған дейін жариялағанымыздай Ғанибек Қонысбекұлы қала орталығындағы аяқ су мәселесін шешу мақсатында Жібек жолы мен Сарқырама каналдарын қалалық канал арқылы біріктіруді қолға алып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді жауаптыларға тапсырған болатын. Бүгін екі каналды байланыстырып, Жібек жолы арқылы Сарқырама каналына су беру жобасының алғашқы жұмыстары басталады.
Айта кетейік, қала орталығындағы арық жүйелері биылға дейін Жібек жолы және Сарқырама мангистральді каналдары арқылы аяқ сумен қамтылып келген. Сәуір айының аяғында Сарқырама каналына су жіберілгенімен дария деңгейінің төмендеуі қала орталығын аяқ сумен қамтуды қиындатып тұр. Осы мәселені шешу үшін қала әкімі тың бастама көтеріп, қаладағы аяқ су мәселесін шешуді назарға алған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!