Сәрсенбі, 23 шiлде, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының экономикалық дамуы тұрақты бағытта жүзеге асуда

23.07.2025

93 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қаланың бюджеті екі есеге жуық артып, өз кірістер жоспары артығымен орындалды. Инвестиция тарту, құрылыс және сауда салаларындағы өсім де ерекше байқалды. Бұл жетістіктер – жүйелі жоспарлау, тұрғындардың белсенділігі және мемлекеттік қолдаудың үйлесімді жемісі ретінде бағаланды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

Қызылорда қаласының экономикалық дамуы тұрақты бағытта жүзеге асуда

– Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауы, сондай-ақ қала тұрғындарының белсенділігі мен еңбекқорлығы нәтижесінде қаламызда даму қарқыны сақталуда. Жартыжылдық қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының бюджеті 73 миллиард теңгеден 144 миллиард теңгеге дейін өсіп, екі есеге жуық ұлғайды. Бұл – салық түсімдері мен өз кірістердің артуы, мүлік пен кәсіпкерлік нысандарға қайта бағалау жүргізу сияқты нақты жұмыстардың нәтижесі. Қайта бағаланған бірнеше нысан есебінен бюджетке қосымша кірістер тартылып, жыл соңына дейін қосымша түсім көлемі арта түседі деп күтілуде. Бөлінген қаржы негізінен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, мәдениет пен спорт салаларын дамытуға бағытталуда. Соның нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алып, қала инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығы артты. Ірі жобалар мен кәсіпкерлік бастамалар қолдау тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында өсім сақталып отыр. Бұл Қызылорданың экономикалық әлеуеті нығайып келе жатқанының айқын көрінісі. Біз үшін сандардың өсуі – тек көрсеткіш қана емес. Бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін нақты нәтиже. Алдағы уақытта да осы оң қарқынды сақтап, халықтың сұранысына сай жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қаламыздың дамуы – баршамызға ортақ міндет, – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

Қызылорда қаласының экономикалық дамуы тұрақты бағытта жүзеге асуда

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: