Қызылорда қаласы әкімі Асылбек Шәменовтің 2022 жылғы 21 қарашадағы өкімімен Жеңісбек Исламұлы Файзуллаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің жаңа басшысы Жеңісбек Исламұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде құрылыс мамандығы бойынша білім алып, тәмамдаған.
Жеңісбек Файзуллаев алғашқы еңбек жолын «Темірлан-проект» мекемесі директорының орынбасары қызметінен бастаған. 2012-2015 жылдары Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің инженер қызметін атқарса, 2015-2022 жылдары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының штаттан тыс қызметкері, бас маманы болып еңбек еткен. Ал 2022 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Дархан Пралиұлы Бақтияров Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы болған еді.
А.НҰРАЗҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!