Бүгінде облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша 17 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу» тапсырмасына сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы алдағы екі жылда 10 жоба іске асырылатын болады.
– Өңірде қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының механизмі арқылы 9 жоба іске асырылады. Ал, Сырдария ауданындағы сұрыптау кешенімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигон құрылысы қараша айында аяқталады деп күтілуде. Аймақтағы жобалар толық жүзеге асқан кезде 500 тұрақты жұмыс орны ашылып, қалдықтардың өңдеу үлесі 30,1 пайыздан 33,6 пайызға ұлғаяды. Нәтижесімен құрылысқа қажетті брусчатка, кәріз люктері, қағаз, пластик және шыны өнімдері шығарылады. Қалдықтарды басқаруда облыс орталығы Қызылорда қаласына аса мән берілуде. Қалада 3 жоба жүзеге асыру жоспарланып отыр. Біріншісі – «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қолданыстағы полигонды жаңғырту жобасы. Жоба аясында қалдықтарды ұсақтау және өртеу қондырғылары, мусоровоз, экскаватор, жүк тиегіш, жүк тасымалдаушы, өрт сөндіру, суару автокөліктері секілд 32 арнайы техникалар мен 3 мың дана евроконтейнерлер алынып, медициналық және құрылыс қалдықтары кәдеге жаратылатын болады. Нәтижесінде, полигонның қалдықтарды қабылдау қуаттылығы 60 мың тоннадан 300 мың тоннаға ұлғаяды. Одан соң «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің шыны ыдыстарын өндіруді іске асыру жобасы жоспарлануда. Қуаттылығы бойынша жылына 220 млн шыны ыдыстарды шығаруға мүмкіндігі бар. Зауытқа шикізат ретінде өнімнің 50 пайызына республика бойынша жинақталған шыны қалдықтар қолданылатын болады. Үшінші жоба «Дезинфекция» ЖШС-і Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтардан пластикалық шелек, леген, цистерна шығару жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 1200 тоннаны құрайды, – деді Серік Сағитжанұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!