Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл мерейтойы мен «Қала күні» мерекесіне орай «Қызылорда – жастар қаласы» атты фото көрме-сайысы өтті.

Көрмеде қаланың сәулетті көріністері, жастардың рухы мен жігерін бейнелеген түрлі жанрдағы суреттер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме кезінде 200-ге жуық жастардың қала күніне арналған жүрекжарды лебіздері жазылған «Тілек тақтасы» қала әкімдігіне сыйға тартылды.

Бұл шара Қызылорданың көркем бейнесін жаңаша қырынан көрсетіп қана қоймай, жастардың өнерін, тілегін және отансүйгіш рухын айшықтады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!